Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатына қатысады

Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатына қатысады

Бүгін, АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додада Элизабет Тұрсынбаева 31 наурыз күні сағат 22:00-де қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

  • 30 Наурыз 2016
  • 481
Фото - Caravan.kz

16 жасар Элизабет ересектер арасында бірінші мәрте бағын сынамақ. Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Тікелей эфир кестесі:

30 наурыз:
20:35. Мұздағы би. Қысқа бағдарлама.

31 наурыз:
02:50. Әлем чемпионатының ашылу салтанаты.
04:05. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама.
22:00: Қыздар арасындағы қысқа бағдарлама.

1 сәуір:

05:20. Мұздағы би
23:05. Жұптық бәсеке. Қысқа бағдарлама.

2 сәуір:
04:35. Еркін бағдарлама. Ерлер.

3 сәуір:
04:50. Еркін бағдарлама. Қыздар.
10:50. Жұптық бәсеке. Еркін бағдарлама.