Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы ЮНЕСКО-мен әріптестік орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы ЮНЕСКО-мен әріптестік орнатты

Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы ЮНЕСКО-мен әріптестік орнатты

Швейцарияның Лозанна қаласында 204 ұлттық олимпиада комитетін біріктіретін және олардың әрқайсының мүдделерін қорғайтын ең ірі халықаралық спорттық ұйымдардың бірі - Ұлттық олимпиадалар комитетінің халықаралық қатынастар комиссиясының отырысы жұмысын аяқтад

  • 5 Сәуiр 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz


Отырыс жұмысына Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қатысты.

«Кездесудің негізгі тақырыбы ҰОКҚ мен ЮНЕСКО арасындағы спортты дамыту мәселелеріндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды. Халықаралық деңгейде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірлескен іс-әрекеттерді шоғырландыру қажеттілігі туралы ҰОКҚ халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Хулио Сезар Маглионе айтты», -делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Комиссия отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан ЮНЕСКО-ның көрнекті әріптесі екенін атап өтті.

«Қазақстан ұлтаралық келісімді, толеранттылықты, мәдени қарым-қатынасты қолдай отырып, мәдени мұраны сақтау, ғылым, білім беру саласындағы халықаралық қатынастарды кеңейту мәселелерінде ұйыммен белсенді ынтымақтастықта. Алда Қазақстан аумағында олимпиадалық спорт құндылығын жылжыта отырып, ұлттық олимпиада комитеті ЮНЕСКО-ның ҰОКҚ-мен әріптестігі аясында да бастамалар көрсетуге әзір», — деп мәлімдеді Құлыбаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера