«Атлетико» «Барселонаны» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атлетико» «Барселонаны» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізген жоқ

«Атлетико» «Барселонаны» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізген жоқ

Мадридтің «Атлетико» командасы «Барселонаны» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізген жоқ. Мадрид қаласының "Висенте Кальдерон" стадионында өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

  • 14 Сәуiр 2016
  • 315
Фото - Caravan.kz

«Атлетико» футболшылары есепті 36-шы минутта ашты: Саульдің тепкен добын Антуан Гризманн  қақпаға басымен кіргізді. Екінші таймның алғашқы минуттарында мадридтіктер бірнеше мүмкіндікті жіберіп алған, бірақ оны кездесудің соңында  жүзеге асыра алды.

Алаң иелерінің қарымта шабуылы кезінде «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста өз айып алаңында допқа қолын тигізіп алды.11 метрлік айып добын Антуан Гризманн қалт жібермеді.

Осылайша, «Атлетико» екі матч нәтижесінде «Барселонаны» 3:2 есебімен ұтты. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера