Қанат Исламның келесі қарсыласы - колумбиялық Хуан де Анхель - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Исламның келесі қарсыласы - колумбиялық Хуан де Анхель

Қанат Исламның келесі қарсыласы - колумбиялық Хуан де Анхель

2016 жылдың 8 мамырында Майами қаласында қазақтың кәсіби боксшысы, бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам колумбиялық боксшы - Хуан де Анхельмен айқасатын болды. 

  • 14 Сәуiр 2016
  • 652
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қанат Исламның менеджері Жұлдыз Ерік хабарлап отыр.

«Құрметті жанкүйерлер! Қанат ағаның қарсыласы анықталды! Ол орта салмақта өнер көрсетіп жүрген колумбиялық боксшы — Хуан де Анxель. Осы уақытқа дейін 22 кездесу (18-3-1) өткізіп, оның 17-сін нокаутпен жеңген жігіт. Лақап аты — Ла Аменаза (La Amenaza). Жасы 28-де. Жарысқа санаулы күндер қалды! Жекпе-жек мамырдың 8-і, АҚШ-тың Майами қаласында өтеді»,-деп хабарлады Ж.Ерік Қанат Исламның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Қанат Ислам кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Боксшы бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.


null