Мәдениет және спорт министрі мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және спорт министрі мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады

Мәдениет және спорт министрі мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады

Мәдениет және спорт министрі мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады. Бүгін Мәжілістегі бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту тақырыбында өткен Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы мәселені көтерді.

  • 18 Сәуiр 2016
  • 420
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта мектептер аясында спорттық секциялар мен клубтар ашуға ерекше мән беріліп келеді. Мәселен, бүгінгі күні мектептерде отыз мыңнан астам спорттық секциялар бар, онда жалпы оқушылар санының 27 пайызы қамтылған. 

«Алайда, әсіресе ауылдық жерлердегі мектептерде спорт залдарының, жабдықтарының жетіспеушілігінен спорт залдары ашылмай отыр. Бұған қарамастан, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға күш салып келеміз», деді А. Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, дамыған елдерде, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше мән беріледі.

«Осы елдерге қарап, біз де жасөспірімдер арасындағы спортты дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Атап айтқанда, салалық заңнама мен нормативтер арқылы мектептердегі дене шынықтыру сағатын үш сағатқа дейін жеткізу керек. Елбасы елді сауықтыруда ең алдымен Қазақстанның келешегі болып табылатын балалар мен жасөспірімді сауықтыру керектігін ұдайы айтып келеді. Ал қазіргі күні ауылдағы спорт залдарының жетіспеушілігін шешудің түрлі жолдары да бар», — деді министр А. Мұхамедиұлы. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера