«Алматы Марафоны» барысында бірқатар көше жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы Марафоны» барысында бірқатар көше жабылады

«Алматы Марафоны» барысында бірқатар көше жабылады

Алматыда 24 сәуір күні болатын «Алматы Марафоны» жарысы барысында бірқатар көшелер уақытша жабылады. Ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, жол қозғалысы сағат 14.00-де қайта қалпына келтірілед

  • 20 Сәуiр 2016
  • 406
Фото - Caravan.kz

«24 сәуірде, «Алматы Марафонын» өткізу барысында қалада Астана уақыты бойынша таңғы сағат 07.00-ден 14.00-ге дейін бірқатар жолдар ішінара жабылады. Марафон қашықтықтары өтетін жерлерде автокөлікпен өтуге уақытша мүмкін болмайды.

Яғни, жолдар әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан, Шығыс айналма жолының батыс жағынан және Абай даңғылының оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы үшін жартылай жабылады. Сейфуллин даңғылы Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылдары аралығында автокөліктер үшін толықтай жабық болады. Жарыс ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы барысында осы ақпаратты ескеруді сұрайды, — деді ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Жол қозғалысына байланысты «Алматы Марафонының» қашықтықтары жайлы ақпаратты www.almaty-marathon.kz сайтынан табуға болады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера