Бұл жекпе-жекке Геннадий Головкин барлық белбеулерін — WBC (Interim), WBA, IBF, IBO тіккен болатын.
Доминик Уэйд кездесудің бірінші раундында-ақ нокдаунға түскен болатын. Екінші таймда Головкин америкалық бокшсыға ешбір мүмкіндік қалдырмады. Тайм басында тағы нокдаун алған Уэйд кездесуді жалғастыра алды, алайда көп ұзамай Головкин өз қарсыласын тағы бір мәрте жерге құлатты.
Осылайша, жерлесіміз кәсіпқой бокста өткізген 35 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап отыр, оның 32-сі — нокаут.
Доминик Уэйдпен жекпе-жек GGG үшін қатарынан 16-шы рет чемпиондық белдікті қорғау болды.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Доминик Уэйдпен болған айқасы үшін 2 миллиона доллар алады. Головкин Давид Лемьемен жұдырықтасқанда тап осындай мөлшерде гонорар тапқан еді. Ал Доминик Уэйдке 500 мың доллар төленбек.
Қазақстандық боксшының жекпе-жегін көруге келген халықтың санында шек болмады. 17 мың орындық «Форум» аренасында билеттердің барлығы дерлік сатылып кеткен. Жанкүйерлердің сұрауы бойынша ұйымдастырушылар қосымша билеттер шығаруға мәжбүр болды.
Қазақстандық боксшы келесі кездесуінде 7 мамырда өтетін Сауль Альварес-Амир Хан жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы тиіс. Себебі Головкин IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, сондықтан ол Альварестің WBC чемпиондық титулына міндетті үміткер саналады. Алайда Сауль Альварес командасы орта салмақ аясында (160 фунт) қазақстандық боксшымен айқас өткізуге ниеттері жоқ екендіктерін байқатты.