Астанада аралас жекпе-жектен ел чемпионаты басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада аралас жекпе-жектен ел чемпионаты басталады

Астанада аралас жекпе-жектен ел чемпионаты басталады

Алыптар айқасы. Елордада аралас жекпе-жектен Қазақстанның IV чемпионаты өтеді. Оған еліміздің әр түкпірінен келген 100-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдірген. Алыптар арасынан үздік шыққандар ақтық айқаста бақ сынайды. Атышулы аламанның тартысты кезеңі ертең сағат 16:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде басталады. Арыстан жүректі азаматтар 4 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. «Әсіресе спорт жанкүйерлері 77 келі салмақта күш сынасатын Әділ Боран мен Шавкат Рахмоновтың шайқасын асыға күтуде», - дейді ұйымдастырушылар. Дүбірлі доданың ақпараттық демеушісі – «Хабар» арнасы алыптар айқасын тікелей эфирде көрсетеді. Айта кеткен жөн, елімізде ММА 2013 жылдан бастап ресми спорт түрі ретінде мойындалған.

  • 29 Сәуiр 2016
  • 637
Фото - Caravan.kz


Анатолий Ким, ММА және джиу-джитсу федерациясының президенті:

— Аралас жекпе-жек елімізде соңғы жылдары кеңінен танылып келеді. Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артқанын байқаймыз. Әсіресе, жасөспірімдер арасында қызуғушылық білдіріп жатқандары қаншама?! Жетістіктеріміз де аз емес. Ал жарысқа келетін болсақ, дүбірлі додада жеңіске жеткен спортшылар ұлттық құрамаға алынып, болашақта ел намысын қорғайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера