«Манчестер Сити» командасын жеңген «Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Манчестер Сити» командасын жеңген «Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Манчестер Сити» командасын жеңген «Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Испаниялық "Реал" өз алаңында "Манчестер Сити" командасын жеңіп Чемпиондар лигасының финалына шықты. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 

  • 5 Мамыр 2016
  • 329
Фото - Caravan.kz

Ойынның жиырмасыншы минутында "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Фернандо өз қақпасына гол соқты.

"Реал" екі кездесудің қорытындысы бойынша финалға шықты. 26 сәуірде өткен бірінші кездесу тең  (0:0) аяқталған болатын.

Мадридтіктер чемпиондар лигасының финалына 14 рет шығып отыр. Олар он рет турнир жүлдегері болған. Бұл рекорд болып табылады.

Финалда "Реал"  "Баварияны" жеңген  өзге мадридтік команда "Атлетикомен" кездеседі.  


Чемпиондар лигасының финалы 28 мамырда Миланда "Сан-Сиро" стадионында өтеді.