Риодағы Олимпиадаға баратын палуандар есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риодағы Олимпиадаға баратын палуандар есімі белгілі болды

Риодағы Олимпиадаға баратын палуандар есімі белгілі болды

Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарына 12 қазақстандық палуан барады, деп хабарлады ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан.

  • 11 Мамыр 2016
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Біздің атлеттеріміз лицензиялардың қажетті санын жинай алмады, Олимпиадаға толық құраммен бару үшін үш түр бойынша 6 лицензия алу тиіс болған. 22-24 сәуір күндері Ұлан-Батырда (Моңғолия) және 6-8 мамыр күндері Ыстамбұлда (Түркия) өткен екі соңғы кәсіби жарыс біздің құрамамыз үшін нәтижесіз аяқталды», — деп хабарлады федерациядан.

Грек-рим күресі: Алмат Кебіспаев, Досжан Қартықов, Нұрмахан Тінәлиев. Еркін күрес: Артас Санаа, Ғалымжан Өсербаев, Аслан Кахидзе, Мамед Ибрагимов, Дәулет Шабанбай. Әйелдер күресі: Жұлдыз Эшимова,  Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Гюзель Манюрова.