Роналдудың 2015 жылғы табысы 82 миллион долларды құрады, оның 53 млн-ы «Реалдың» жалақысы мен түрлі сыйақылары, ал 29 млн-ы — демеушілермен жасасқан келісім шарттар негізінде төленген. 2014 жылы португалиялықтың табысы 79 миллион долларды құрады, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында «Барселонаның» аргентиналық форварды Лионель Месси тұр — 77 миллион (51 — жалақы және бонустар, 26 — демеушілер), үшінші орында «Пари Сен-Жермен» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович — 37 миллион (30 — жалақысы және бонустары, 7 — демеушілер).
Алғашқы ондыққа іліккендер:
4. Неймар (Бразилия, «Барселона») — 36 миллион (14 — жалақы мен бонустары + 22 — демеушілері),
5. Гарет Бейл (Уэльс, «Реал») — 34 (24+10),
6. Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») — 26 (20+6),
7. Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити») — 24 (17+7),
8. Луис Суарес (Уругвай, «Барселона») — 23 (18+5),
9. Эден Азар (Бельгия, «Челси») — 22 (18+4),
10. Сеск Фабрегас (Испания, «Челси») — 21 (16+5).
Әлемдегі ең бай футболшы осыған дейін ағылшындық Дэвид Бекхэм болған.