Тараздық студент бокстан Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық студент бокстан Азия чемпионы атанды

Тараздық студент бокстан Азия чемпионы атанды

Павлодарда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Аман Қазанқапов 75 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызмет

  • 12 Мамыр 2016
  • 387
Фото - Caravan.kz


Финалдық айқаста ол түрікмен боксшысы Нурягди Нурягдиевпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз 3:0 есебімен ұтты.

Құрлықтық сайыста аталған салмақ дәрежесі бойынша Үндістан, Иордания, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Сингапур, Сирия, Тәжікстан, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің мықты спортшылары бақтары мен баптарын сынады. 

«Жарыста жеңіске жеткен жігіттер Токиода ұйымдастырылатын Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Бұл спорт додасы — жаңа есімдерді халыққа танытып, бокстағы жаңа жұлдыздарды жарқыратпақ», — деді КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.

Айта кетейік, Аман Қазанқапов бұған дейін Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы ХV халықаралық турнирде, Лондон ойындарының чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған мықтылар турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Оны жарысқа Нұрлан Сейдалиев дайындады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера