Бейбіт Шүменовтің қарсыласы Джуниор Райт болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменовтің қарсыласы Джуниор Райт болады

Бейбіт Шүменовтің қарсыласы Джуниор Райт болады

Жартылай ауыр салмақта уақытша әлем чемпионы титулын алғаш рет қорғайтын қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (16-2, 10 КО) қарсыласының есімі белгілі болды,  деп жазадыSports.kz.

  • 19 Мамыр 2016
  • 328
Фото - Caravan.kz

Сенбі күні Лас-Вегастағы The Cosmopolitan аренасында Шүменов рингте бірінші ауыр салмақта шығып жүрген америкалық боксшы Джуниор Райтпен кездеседі. Сондай-ақ РВС бокс шоуының аясында Ванес Мартиросян мен Эрисланди Лара және Жермалл Чарло — Остин Траут жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында өткізді. Желтоқсанда ол Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда жарақаты салдарынан бұл жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.