Қызылордада гандболдан супер лига ойындары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада гандболдан супер лига ойындары басталды

Қызылордада гандболдан супер лига ойындары басталды

Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының супер лига ойындарының 5-ші туры басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Оған Алматы облысының «Іле», Өскеменнің «Алтай», Астананың №5 ОРМБЖМ, «Алматы» және Қызылорданың «Сейхун»-КАМ-ҚМУ командалары қатысуда.

  • 19 Мамыр 2016
  • 301
Фото - Caravan.kz

Біріншілік 18-23 мамыр аралығында өткізіледі.

Жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз Астананың №5 ОРМБЖМ командасын 33:18 есебімен тізе бүктірді. Ал «Іле» «Алтайды» жеңді. Есеп 31:14.

Қызылордалық қыздар ертең, 19 мамырда «Іле» клубымен күш сынасады. Жарыстың соңғы туры 7-14 маусымда Алматы қаласында өтеді.