Отандық спортшылар Рио Олимпиадасына 23 спорт түрiнен 82 жолдама жеңiп алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы 2015 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесуiнде мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Министрдiң айтуынша, Алматыда өтетiн 2017 жылғы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрi ендi. Жарысқа әлемнiң 61 мемлекетiнен 2000 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық спортшылар 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу үшiн 23 спорт түрiнен 82 жолдама жеңiп алғанын айтты. Жалпы, спортшылар 25 спорт түрiнен 100 олимпиадалық лицензияға қол жеткiзудi жоспарлап отыр.
Айта кетейік, қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы беделi артып келедi. 2015 жылы спортшыларымыз түрлi деңгейдегi жарыстарда 748 жүлде жеңiп алса, «Астана» футбол клубы Тәуелсiз Қазақстан тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне жолдама алды.
News.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
— басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.
— Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.