Қазақстандық 4 боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 4 боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық 4 боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық 4 боксшы қыз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Caravan.kz сайтының тілшісі. Енді Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ляззат Күнгейбаева алтын жүлде үшін таласса,  әлем чемпионы Назым Қызайбай екінші мәрте чемпионы атану үшін күш сынасады.

  • 27 Мамыр 2016
  • 814
Фото - Caravan.kz

48 келіге дейінгі салмақ санатындағы әлем чемпионы Назым Қазыбай жартылай финалда КХДР өкілі Янг Гум Ю-ды жеңді. Енді ол бүгін ақтық сында  қытайлық Янь Вангпен кездеседі. 

54 келіге дейінгі салмақта  Дина Жоламан жартылай финалда қытайлық Лю Пяопяодан басым түсті.  Әлем чемпионатының финалында  болгариялық спортшымен жұдырықтасады. 

Валентина Хальзованы ақтық сында  қытайлық былғары қолғап шебері Хонг Гю күтіп тұр.


Ал аса ауыр салмақтағы Ляззат Күнгейбаева кеше аса қиын кездесуде Ванг Шижинді ұттты.  Бүгін ол америкалық спортшымен қолғап түйістіреді

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера