Альварес Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасады - Оскар Де Ла Хойя - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альварес Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасады - Оскар Де Ла Хойя

Альварес Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасады - Оскар Де Ла Хойя

 

  • 2 Маусым 2016
  • 319
Фото - Caravan.kz

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Альварестің Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz

Айта кетейік, бұған дейін Top Rank компаниясының басшысы Альварестің WBC чемпионы титулынан бас тартып, оны Головкинге бере салуына таңданысын білдірген болатын. Сонымен қатар, ол мексикалық боксшының Головкинмен келісімге келе алмайтынын айтты.

Дегенмен Де Ла Хойя Альварестің Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасатынын, сонымен қатар, олардың жекпе-жегі Мейвезер — Пакьяо кездесуінің тағдырын қайталамайтынын мәлімдеді.

"Канелоның" Головкинмен жұдырықтасатынына сенімді болыңыздар. Қазір Леффлер Еуропада жүр. Менің соттан қолым босамай жатыр. Біз жақын арада келісім жүргізуді қайта бастаймыз", — деді мексикалық боксшының промоутері.


Айта кетейік, Де Ла Хойя қазір Майамиде "Альварес ісі" бойынша сот процесіне қатысып жатыр. All-Star Boxing компаниясы Golden Boy Promotions-ты мексикалық боксшыны "ұрлап" кеткені үшін сотқа берген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера