«Біз Ресей тарапымен бірлесе отырып, құр қол қарап отырғымыз келмейді. Нысандары пайдалануға беріп, табыс тапқымыз келеді», — деді ол журналистерге Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Ресей-Қазақстан комиссияаралық отырысынан кейін.
Оның айтуынша, ғарыштық игеруді мақсат тұтқан және ғарыш айлағын салуға қаражат жұмсағысы келмейтін мемлекеттерді Байқоңырға тарту керек.
«Бізге президенттер жаңа тұжырымдама жасауды тапсырды. Ондағы бір пункт — ғарышты игергісі келетін мемлекеттерді Байқоңырға тарту қажет», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.