Берік Қамалиев инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады осы ведомствоның кадр жұмысы департаментінің директоры Марат Игалиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Берік Қамалиев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды", — деді Игалиев.