Алматы көшелерінде атыс болды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Казинформ.
Белгісіз адам атыс қаруымен оқ атқан. Қазір Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы қоршауға алынды. Куәгерлердің хабарлауынша, Никольский базары, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында, Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі аумағында атыстар естілген. Белгісіз адам көшеде автоматпен жүгіріп жүріп оқ атқан.
Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары және жедел жәрдем машиналары бар.