Семейдегі КСРО-дан қалған көшелерге Алаш зиялыларының есімі беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі КСРО-дан қалған көшелерге Алаш зиялыларының есімі беріледі

Семейдегі КСРО-дан қалған көшелерге Алаш зиялыларының есімі беріледі

Әлеуметтік желі қолданушысы Бауыржан Берікұлы өз парақшасында алаш арыстарының астанасы болған Семей қаласының Ленин және Интернационал көшелеріне Әлихан Бөкейхан мен Қайым Мұхамедханұлының есімдері берілетінін айтып сүйінші сұраған екен, деп жазады baq.kz.

  • 21 Шiлде 2016
  • 403
Фото - Caravan.kz

Ол өз парақшасына«Алаш арыстарына астана болған — Семей қаласының Ленин атындағы көшесіне Алаштың ардақты азаматы, туғанына 150 жыл толып отырған Әлихан Бөкейханның есімі, ал "Интернационал" атауының орнына Қайым Мұхамедхановтың есімі берілетін болыпты!» — деп жазған еді.

Артынша осы ақпараттың нақтылығын білмекке Семейдегі әріптестерімізге хабарласқанбыз. Ақпарат рас болып шықты. Алайда сенімді ақпарат көздерінің хабарлауынша көше атауларын алмастыруға мораторий жарияланған екен. Сол мораторийдің алынуын, шешімнің күшіне енуін күтіп отырған көрінеді.

Сонымен қатар тағы бір қуанышты жағдай Семейге қойылады деген Әлихан Бөкейханның ескерткішіне Көпір басқармасы маңайынан арнайы жер бөлініп, қалалық әкімшілік рұқсаттаған екен. Қазір бұл үкіметтің қарауына жіберіліпті.

Биыл Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл, Қайым Мұхаметханұлының туғанына 100 толды. Осы даталы мерекеде бір кездері өздерінің табаны тиген, санаулы болса да саналы күндері өткен рухани орталыққа бір-бір көшенің атын берсе, кейінгі ұрпаққа ұлағатты із болары сөзсіз.