«Алматыда ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмған полиция аға сержанты Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматұллаевтың отбасына мемлекет тарапынан қосымша 10 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Бұған дейін оларға жарақат алғандардың отбасылары ретінде 5 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетілген болатын», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетелік, 18 шілдеде Алматыда атыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсету мақсатында Елбасының тапсырмасымен 15 млн. теңгеден, ал жарақат алғандарға 5 млн. теңгеден қаржы бөлінген болатын.