Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым жұма күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды РИА Новости. Алайда премьер бұл мәліметті қайдан алғанын жария етпеді.
"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды. Алла оның жанын тыныштандырсын. Түрік Республикасының атынан Өзбекстан халқына көңіл айтамын", — деп мәлімдеді Йылдырым түрік үкіметінің Анкарадағы отырысында. Бұл отырыс тікелей эфирде таратылып жатыр.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын.
Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді. Ал кейінірек Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірген болатын.