Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі Instagram парақшасында алдыңғы видеосына жазылған пікірлерге тоқталып, өміріндегі ауыр кезеңдерді еске алды.
«Алдыңғы рилста “Қартайып кетіпсіз”, “Бұл да қартайыпты” деген сынды пікірлер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды ол.
Әншінің бұл видеосы желіде қызу талқыға түсіп, бір миллионға жуық қаралым жинаған. Жазба астына үш мыңнан аса пікір жазылған.
Желі қолданушыларының басым бөлігі Ердос Қанаевқа қолдау білдіріп, жылы лебіздерін білдірген.
“Қартая алу да – бақыт», «Алтын азаматсыз, аман жүріңіз», «Ауыз менікі деп жаза беруді қою керек, естігілерің келгені осы ма?», «Бәрі жақсы болсын, Алла жар болсын», «Қалған ғұмырыңызда сәбидей мұңсыз болыңыз”, — деп жазды олар.