УЕФА-ның жаңа президенті сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
УЕФА-ның жаңа президенті сайланды

УЕФА-ның жаңа президенті сайланды

Бұл туралы rsport.ru хабарлайды.

УЕФА-ның жаңа басшысын анықтау рәсімі 14 қыркүйек күні Афиныда өтті. Үміткерле

  • 14 Қыркүйек 2016
  • 273
Фото - Caravan.kz

УЕФА-ның жаңа басшысын анықтау рәсімі 14 қыркүйек күні Афиныда өтті. Үміткерлер арасынан Словения футбол ассоциациясының басшысы Александер Чеферин жеңіске жетті. Бұл бәсекеде оның жалғыз ғана қарсыласы болған: Нидерланды футбол одағының басшысы Михаэл ван Прана 13 дауыс жинаса, Чеферин 42 дауыспен алға озып кетті.

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Швейцария федералдық бюросы ФИФА басшысы Йозеф Блаттерге қарсы іс қозғаған еді. Оған 2011 жылы Мишель Платиниге (УЕФА басшысы) 2 миллион швейцар франкын заңсыз аударды деген айып тағылған. Ал сол жылы 21 желтоқсанда ФИФА-ның әдеп жөніндегі арбитраждық палатасы Блаттер мен Платиниді футбол саласынан сегіз жылға шеттеткен болатын.

Кейін палата бұл жазаны жұмсартып, жаза мерзімін алты жыл етіп бекіткен. Осыдан соң Платини өз қызметінен кеткен еді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера