Алматыда атыс ұйымдастырған Күлекбаевтың тұтқындау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атыс ұйымдастырған Күлекбаевтың тұтқындау мерзімі ұзартылды

Алматыда атыс ұйымдастырған Күлекбаевтың тұтқындау мерзімі ұзартылды

Бес адамды өлтіріп, 8 адамды жарақаттаған Руслан Күлекбаевты тұтқындау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматыда Алмалы аудандық сотында хабарланды.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Тұтқындау мерзімі үшінші айға, 18 қазанға дейін ұзартылды», — делінген сотта.

Еске салсақ, 18 шілдеде сағат 11.00-де Алматыдағы Алмалы ауданы ІІБ ғимаратына шабуыл жасалды. Полицейді жарақаттап, қаруын иеленген ол оқиға орнынан қашып кетті.

Қаланың ІІД ақпаратына сәйкес ол қаланың бірнеше орындарында атыс ұйымдастырған. Кейіннен «Қазақконцерт» АҚ маңында  ұсталды. Атыс салдарынан 5 адам қаза тапты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 269-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Қаланың ІІД деректеріне сәйкес Күлекбаев қару қолдана отырып, тонау, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстарына қатысқан.