Қайрат Нұртас психологиялық триллер жанрында фильм түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас психологиялық триллер жанрында фильм түсірді

Қайрат Нұртас психологиялық триллер жанрында фильм түсірді

Қайрат Нұртас жанкүйерлеріне жаңа фильм ұсынбақ. Күні кеше әнші өзінің желідегі парақшасында видеоның тизерін жариялады.

  • 27 Қазан 2016
  • 1021
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қайрат Нұртас фильм түсіретінін мәлімдеген еді. Әншінің өзі бұл фильмде оның айтылмаған құпиясының ашылатынын мәлім етсе, арада бірнеше күн өткеннен кейін Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы фильмге сценарий таңдай алмай жатқандығын айтты. Ал Қайраттың бұл жолы жариялаған видеосы ел күткендей оның отбасы жайында сыр шертпейді. Қорқынышты әрі еліктірерліктей видео психологиялық триллер жанрында түсірілген ұқсайды.


Өкінішке қарай, Қайрат Нұртас мұның фильм не бейнебаян екенін ашып айтпады. Жанкүйерлерін қызықтыра түсіп «Жуырда» деп қана жазды. Бар жаңалықты желтоқсанның 21-інде біле аламыз. Фильм болсын, бейнебаян болсын, бұл видеода Қайраттың жаңа қыранан көрінетіні сөзсіз.