Неміс тұтқынында болған қазақстандықтар 2500 еуро көлемінде өтемақы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс тұтқынында болған қазақстандықтар 2500 еуро көлемінде өтемақы алды

Неміс тұтқынында болған қазақстандықтар 2500 еуро көлемінде өтемақы алды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынында болған қазақстандық соғыс ардагерлері Германиядан өтемақы ала бастады.

  • 4 Қараша 2016
  • 958
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қазіргі таңда 2500 еуро қаражатты қазақстандық 6 ардагер алған. Олардың бәрі Оңтүстік Қазақстан аумағында тұрады. 

Еске сала кетсек, Германия үкіметі өтемақы төлеу туралы шешімді өткен жылы қабылдаған еді. Қазақстаннан 11 адам өтініш берген. Қазір көзі тірі бұрынғы әскери тұтқындар тарапынан қосыша өтініштер келіп жатыр. Жалпы неміс фашистерінің тұтқынына 200 мыңдай қазақстандық болған. Олардың көбісінің тағдыры қайғылы аяқталған.

“Әкеміз 97 жаста. Алған барлық ақшаны ол кісінің денсаулығы, емі, тамағы мен жағдайы үшін жұмсаймыз”, – деді соғыс ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.