Халықаралық «Әлем аруы 2016» байқауына Қырғызстан атынан Перизат Расулбекқызы қатысып жатыр. Байқау финалы 18 қарашада Вашингтонда өтеді.
Ресми сайттағы мәлімет бойынша, Перизент Расулбекқызы 18 жаста. Студент, әділдікті қорғау үшін заң тілін оқып жүр.
Ұйымдастырушылардың сұрақтарына жауап берген Перизат әділдікті жақтайтын білімді әрі мейрімді қыз екенін айтты. Перизат байқауға арнайы ролик дайындаған.
Байқауды ұйымдастырушылар салақтық танытып, өз сайтында Қырғызстанның орнына Қазақстанның туын іліп қойған.