Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
«19-20 қарашада Қарағанды облысында (…), Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Акмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 40 градус аяз болады», — делінген бейсенбіде ТЖК сайтындағы хабарда.
Бұған дейін синоптктер аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты деп хабарлаған еді. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10…18ºС төмен.
«Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда. Антициклонмен, республика аумағына арктикалық ауа ағыны келуде, сондықтан минимальды температура 30…36º аязға дейін төмендеді», — делінген хабарда.
Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40ºС дейін төмендеуі мүмкін.