Бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл тер төгу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл тер төгу керек?

Бір бөлмелі пәтер алу үшін қанша жыл тер төгу керек?

ҚР өңірлерінде жалдамалы қызметкерлердің табысы өткен жылмен салыстырғанда, 4 пайызға төмендеген. Халықтың ресми жұмысқа орналасуы артқан, сондай-ақ сатып алу мүмкіндігі қысқаруда, деп хабарлады ranking.kz.

  • 21 Қараша 2016
  • 854
Фото - Caravan.kz

Мамандардың деректеріне сәйкес, Қазақстан өңірлерінде еңбек нарығы кеңею үстінде. Бір жылда жалданған жұмыскерлердің саны 40 мың адамға артқан.

Қазақстандықтардың өзекті саудасы – жекеменшік үй сатып алу. Табыстың азаюы өңір тұрғындарының сатып алу мүмкіндігін тежеуде. ҚР облыстарында тұрғын үй бағасы жоғары күйінде қалып отыр.

Бастапқыда, екінші деңгейлі нарықта да 1 бөлмелі пәтер сатып алуға қаражат жинау үшін орташа статистикалық жұмыс істейтін өңір (Астана мен Алматыны қоспағанда) тұрғыны орташа табыспен кем дегенде 16 жыл еңбектенуі керек.

Банк кредиті арқылы тұрғын үй сатып алуға да жол жоқ. Өңірлерден орташа табысты қазақстандық қалыпты банктен жылдық 17 пайыз ставкамен 15 жылға ипотека ресімдеу үшін ай сайын жалақысының 62 пайызын немесе барлық бір айлық бюджетін төлейді. Бұл 80 мың теңгені құрайды.