Астана атқамінерлері зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты теріске шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана атқамінерлері зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты теріске шығарды

Астана атқамінерлері зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты теріске шығарды

Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ делінген Астана әкімшілігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 821
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына. Соңғы уақытта Whats Аpp мессенджері арқылы және әлеуметтік желілердің парақшаларында зейнеткерлерге Жаңа жылға орай тегін сыйлықтар берілетіні туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату жиілеп кетті. Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз. 

Елордалық билік өкілдері жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз", — делінген хабарламада.


Әкімшілік еске сала кеткендей, 1-31 желтоқсан аралығында елордада "Астана — мейірімді қала" жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты — ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, саул ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу.

Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55- 66- 55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін.