-
Қарағанды облысындағы АК-159-да 7 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар жаңажылдық мерекеге орай колония маңын мұз қалашығына айналдырды.
Әр отряд ертегі кейіпкерлерінің мүсінін мұздан қашап жасады. Шеберлер қолынан шыққан туындылардың үздігін арнайы комиссия анықтап, жеңімпаздар сый-сияпатқа ие болмақ әрі олар қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталады. Ал бұл игі істің кейін рақымшылыққа ілігуге көп көмегі тиеді дейді колония басшылары.
— Осындай мұз айдынын істеп жатырмыз. Алда келе жатқан мерекеге дайындалып жатырмыз. Әр отряд өзінің қиялына қарай осындай көріністер жасап жатыр. Баршаларыңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын, дейді жазасын өтеуші Дастан Нығметжанов.