Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарланды Ақорданың твиттерінде.
Әбдрахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір — Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987). 1987-91 — Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 — ҚМУ аспиранты.
1993-97 — Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.
1997 — ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары. 1997-98 — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.
1998-99 — ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
1999-2001 — ҚР сыртқы істер вице-министрі.
2001-2003 — Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Сәуір,
2003 — наурыз, 2006 — Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.
3 наурыз, 2006 — тамыз 2007 — ҚР сыртқы істер вице-министрі.
2007 — қыркүйек, 2008 — Австриядағы ҚР елшісі — ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.
Қаңтар, 2008 — ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы.
Қыркүйек-желтоқсан,
2008 — ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі. Желтоқсан,
2008 — наурыз,
2011 — ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Наурыз, 2011 — Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).