Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты

Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты

Бүгін таңға жақын Шымкенттің қақ ортасындағы «Кәмшат» мейрамханасында атыс болып, бір адам қаза тапты.

  • 9 Қаңтар 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жергілікті «Отырар» телеканалы хабарлап отыр.

Мейрамханадағы көңілді отырыс соңы ерегіске ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше ер азамат жанжалдасып, араларында біреуі қару атыпты. Мейрамханада болғандар қарудың 5 рет атылғанын естігенін айтып отыр. Алайда, оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 7 оқтың гильзасын анықтаған.

Жедел жәрдем дәрігерлері мен полицейлер оқиға орнынан жәбірленгендерді таба алған жоқ. Есесіне оқ тиіп, ауыр жараланған адамның денесі жақын маңайдан — Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан табылған.

«9 қаңтар күні таңғы сағат 05:20-да жедел жәрдем кезекшісі атыс болғаны туралы хабарлама алған. Біздің 13-ші бригада оқиға орнына дереу жетіп келді. Біз кеудесіне оқ тиіп, қансырап жатқан ер азаматтың денесін таптық. Дәрігерлер келген кезде ол тіршілік белгілерін көрсетпеген», — дейді жедел жәрдем дәрігері Қолдашев.


ВИДЕО +18