Әуежайдың шөге бастағанын президенттен жасырып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуежайдың шөге бастағанын президенттен жасырып келген

Әуежайдың шөге бастағанын президенттен жасырып келген

Түрікменстанның астанасы Ашхабадта жаңадан салынған халықаралық әуежайға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.

  • 14 Қаңтар 2017
  • 1637
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін Азаттықтың түрікмен қызметінің хабарлауынша, Огузхан атындағы әуежайдың жаңа ғимараты шөге бастаған. Сыртындағы бірнеше терезелері шытынаған.

Дереккөзге қарағанда, 11 қаңтарда Полимекс түрік құрылыс компаниясы жетекшілерін президент әкімшілігіне шақырған. Әуежай құрылысына 2,2 миллиард АҚШ доллары бөлінген. Президент компания басшылығынан проблеманың мән-жайын түсіндіруді талап етіп, бұл ақпараттың БАҚ-қа қалай жеткенін сұраған.

«Әуежайдың жаңа ғимаратындағы жағдайды президенттен жасырып келген. Ол бұл жөнінде Азаттыққа жарияланғаннан кейін білген. Сол себептен бұл мәселеге қатысты үлкен жанжал болған», — дейді дереккөз.

Бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылған. Шетелдерден мамандар шақырылған. Дереккөз негізгі проблема басты ғимаратта орын алған дейді. Оның айтуынша, шатырдағы және қабырғадағы әйнектер сына бастаған және кәріз жұмыстары істен шыққан.