Екібастұзда анасы мен қызы есірткі үшін 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда анасы мен қызы есірткі үшін 10 жылға сотталды

Екібастұзда анасы мен қызы есірткі үшін 10 жылға сотталды

Екібастұз қаласының тұрғыны және оның қызы есірткі сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Павлодар облыст

  • 16 Қаңтар 2017
  • 348
Фото - Caravan.kz

Екібастұз қаласының тұрғыны және оның қызы есірткі сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 1955 жылы туған К.Р атты азаматша мен оның 28 жастағы қызы ҚР ҚК-нің 297 бабы, 3 бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді қылмыскерлердің мүлкі тәркіленіп, олар жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өткізеді.

Сот өкілдері сотталған әйелдің нәрестесінің бар екендігін ескере келіп, 1988 жылы туған келіншектің жазасын 5 жылға кейінге шегеру жөнінде шешім қабылдады.

Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, өткен жылы Екібастұз тұрғыны жеке тұрғын үйінің аумағында есірткі сақтап келген. Ондағы мақсаты- болашақта сол есірткіні саудалау болыпты. 2016 жылы оларды тәртіп сақшылары құрықтады. Тексеру барысында жеке тұрғын үйдің аймағынан ірі көлемде гашиш табылып, тәркіленді.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.