Италияның орталығында 3 бірдей жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияның орталығында 3 бірдей жер сілкінісі болды

Италияның орталығында 3 бірдей жер сілкінісі болды

Италияның орталығында 3 бірдей жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері ел астанасында да сезілді.

  • 19 Қаңтар 2017
  • 369
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жергілікті геофизика институтының мәліметі бойынша, алғашқы зілзаланың магнитудасы 5 бүтін оннан 1 баллды құрады. Аталған аймақта жер дүмпулері жарты жылдан бері толастамай келеді. Бірақ былтырғы қазаннан кейінгі ең жойқын зілзала осы жолы тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылар қирандылардың астын тексеруге кірісті. Алайда қолайсыз күн райы кедергі келтірді. Биыл мұнда қар қалың түскен. Тіпті кейбір жерде ақ ұлпаның деңгейі бір жарым метрге жетеді. Осыған байланысты, аймақта мектептер мен тас жолдар жабылып, теміржол қатынасы тоқтатылған. Еске сала кетсек, Аматричеде қуаты 6 бүтін оннан 1 баллды құраған жойқын зілзала былтыр тамыз айының аяғында болып, 300-ге жуық адам ажал құшқан еді.