Сирия халқы: Келіссөзден күтеріміз көп - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирия халқы: Келіссөзден күтеріміз көп

Сирия халқы: Келіссөзден күтеріміз көп

Астанада өтетін Сирия келіссөзінен қақтығыстан қажыған жергілікті тұрғындар зор үміт күтеді.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 363
Фото - Caravan.kz

Дамаск халқы осы кездесу арқылы 6 жылға созылған азапты соғысқа нүкте қойылуын қалайды. Айтуларынша, осы басқосуда билік пен бүлікшілер бір үстел басына отырып, ортақ мәмілеге келуі үшін тұрғындар тілек тілеп, құлшылық қылған. Өйткені майдан бәрін мезі етті. Олар таңның тыныш атқанын қалайды.

— Мен Астанадағы кездесудің нәтижелі болғанынын қалаймын. Дағдарыс бәрімізді қажытты, дейді жергілікті тұрғын.

— Біз елімізде зорлық-зомбылықтың тыйылып, бейбітшілік орнағанын қалаймыз. Егер кімде-кім соғысты тоқтатып, бейбітшілікті орнатуға қол созса, сол адамның, халықтың басына бақ орнайды, дейді жергілікті тұрғын.