«Бұл ұлттық қауіпсіздік үшін өте маңызды қадам. Біз қорғанды саламыз», — деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Туиттерінде.
Қорғанды салуды туралы қаулыға президент Астана уақытымен түнге қарай қол қояды. Сонымен қатар шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейту мен көші-қон саласындағы бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.
Бұл қаулылардың нақты мәтіні әзірге жарияланбай отыр. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, АҚШ-қа Таяу Шығыстың мұсылман елдерінің азаматтарының кіру тәртібі күшейтілмек.
Бұған қоса Трамп елдегі қалалардың жергілікті билігін заңсыз мигранттарға қарсы қолданылатын шараны қатаңдатуды тапсыратынын айтты.
Мексикамен арадағы шекарада 3 мың шақырымдық қорған салу президенттің сайлауалды бағдарламасында да айтылған еді. Тіпті, қорған құрылысына кететін шығынды Мексика үкіметіне төлететінін де айтқан болатын. Ал Мексика билігі қорған құрылысына қаржы бөлмейтінін ашық айтқан.