8 баласы бар анаға демеуші азамат жарты жылға пәтер жалдап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 баласы бар анаға демеуші азамат жарты жылға пәтер жалдап берді

8 баласы бар анаға демеуші азамат жарты жылға пәтер жалдап берді

Астанада 8 баласы бар ана үшін аты-жөні құпия қалған демеуші азамат жарты жылға пәтерақысын төлеп, жалдамалы баспанаға орналастырды.

  • 30 Қаңтар 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Muslim.kz хабарлайды.

Көпбалалы ана Бақтыгүл Асылбекова бұған дейін құрылысы аяқталмаған «Көктал» тұрғын үй кешенінде тұрып жатқан. Есік-тесігінен жел гулеген үй ішінде тұрудың мүмкін еместігін айтқан ананың жанайқайы туралы бұған дейін де БАҚ беттерінде бірнеше рет жазылған болатын

Сондай-ақ, бұған дейін де «Көктал» тұрғын үй кешеніне қатысты бірнеше дау-дамай туындаған еді. «Төленді» тұрғын ұй құрылыс кешенінің басшысы Айдын Байжұманов үй кілттерін үлескерлерге беруге тиісті болған.

Бұл тұрғын ұй құрылыс кешеніндегі түйткілді мәселе 8 нысанда туындап тұр. Қазір Астана прокуратурасы істі өз бақылауларына алды.