Баян Есентаеваның ғашығы өз бизнесін қазіргі әйелінің туыстарына беріп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның ғашығы өз бизнесін қазіргі әйелінің туыстарына беріп тастаған

Баян Есентаеваның ғашығы өз бизнесін қазіргі әйелінің туыстарына беріп тастаған

Тұрсынғали Алагөзовтің интернет-порталдардағы басты жаңалықтардың қатарынан түспей келе жатқанына бірнеше айдың жүзі болды. Ол елге ең алдымен белгілі продюсер Баян Есентаеваның ғашығы ретінде, сосын барып қана бизнесмен ретінде танымал.

  • 5 Сәуiр 2017
  • 16011
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының редакциясына «GALANZ bottlers» компаниясынан хат келіп түсті. Онда Тұрсынғали Алагөзовке қатысты материалымызға өзгерту енгізу туралы өтініш айтылған. 

Естеріңізге салсақ, Caravan.kz материалдарының бірінде Алагөзов мырзаның 1998 жылы «GALANZ bottlers» компаниясының негізін қалап, директорлар кеңесінің төрағасы болғаны жайында жазылған еді. Алайда 2016 жылдың 26 желтоқсанынан бастап директорлар кеңесінің басшысы мүлдем басқа адам. Осыған байланысты назар аударарлық мына екі жайтты айта кетейік:

1. Аталған компанияның басшысы Алагөзов пен Есентаеваның арасындағы жағдай жұртқа мәлім болардан біраз уақыт бұрын ғана ауысқан. 

2. Директорлар кеңесінің жаңа төрайымы — Илдана Ғаниқызы Қазмамбетова (Ильдана Ганиевна Казмамбетова). Ал ол — Тұрсынғали Тұрымұлының жұбайы — Ләйсираның сіңлісі.

Үлесі бар адамдар кестесінің скриншоты. Nationalbank.kzҮлесі бар адамдар кестесінің скриншоты. Nationalbank.kz

Былайша айтқанда, Алагөзов өзінің Баянмен бақытты болып жүргені жұртқа жария болардың алдында ғана барлық активтері мен табысы мол кәсіпорынын басқаруды туыстарына тапсырған. Ал оның мұндай қадамға не үшін барғаны бизнесменнің өзіне ғана аян.

Енді Есентаеваның жаңа махаббатының қазіргі отбасылық жағдайына келсек, ол ресми түрде әлі де Ләйсира Алагөзованың күйеуі саналады. Олардың екі баласы бар: қызы Әмина, ұлы Арсен. Бірақ сот актілері базасында жұбайлардың биылғы ақпан айында бір-бірін сотқа бергені туралы мәлімет бар. Ләйсира арызын 1 ақпанда түсірсе, Тұрсынғали 14 ақпанда беріпті.  

Сот актілері базасынан скриншотСот актілері базасынан скриншот