Ақтөбеде суға ағып кеткен 9 жасар бала 2 күннен бері табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде суға ағып кеткен 9 жасар бала 2 күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбеде суға ағып кеткен 9 жасар бала 2 күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбеде екі күн бұрын жоғалып кеткен 9 жасар Біржан Ерсайынов табылмай жатыр. Ол Жіңішке өзеніне ағып кетуі мүмкін. Сондықтан, іздеу жұмыстары осы өзен бойында жүргізілуде.

  • 14 Сәуiр 2017
  • 1885
Фото - Caravan.kz

Жіңішке өзені Біржанның үйінен 200 метр қашықтықта ағып жатыр. Жоғалып кетерінен бұрын ол 70-тегі әжесінен ойнауға сұранып кеткен екен. Әдетте жеткіншек аулада көршінің балаларымен ойнайтын дейді туғандары.

"Немересін ол ойнауға жібергісі келмеген, тағы да өзен жағасына кетіп қалады ма деп қорыққан. Екі күн бұрын Біржан онсыз да үйге өзен жақтан үсті-басы лай болып келген екен", — дейді жоғалған баланың әпкесі Гүлдана Өтемісова.

Әжесінің айтуынша, оқушы бала аулада қатарлас екі баламен ойнап жүрген. Кейін көзден таса болыпты. Жанындағы ойын балалары Біржанның суға ағып кеткенін көрген. Бірақ, көмек шақырудың орнына қорыққандарынан үйлеріне қашып кетіпті. Тек түнде Біржанды іздеген кезде ғана оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

Біржанды кешелі бері ІІД мен ТЖД мамандары өзен бойынан іздеп жатыр. Полицейлер баланы жағадан іздесе, құтқарушылар су түбін барлап жүр. Ал, баланың туғандары болса оның аман табылатынынан үміттерін үзбеген.


"Бәрі Құдайдың қолында. Құдайдың құдыретіне сенеміз, баламыз аман табылатынына үміттеніп отырмыз. Біржан үйдің үлкені, ол тым белсенді, мектепті 1-сыныптан бастап қалада оқыды. Өйткені, ауылдың мектебін жауып тастаған. Біз әйелімізбен ауылда тұрамыз, тағы екі баланы тәрбиелеп отырмыз", — дейді Біржанның әкесі Руслан Мұхтаров.