Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды, бұл туралы Алматы соттары администраторының ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Кеше 14 мамырда Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы Ештай 56 жасында кенеттен қайтыс болды", — деп жазды Дияс Махамбетов.

  • 15 Мамыр 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz


Ақжан Ештай 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде заң факультетін тәмамдаған. Ақжан Ештай 30 жыл бойы сотта қызмет еткен екен.