Көптеген аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көптеген аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады

Көптеген аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады

"Қазгидромет" 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 1 Тамыз 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның көптеген облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 3-7ºС жоғары болады. Кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, назағайда дауылды желдің күшейуі және бұршақ болуы мүмкін.

Бірінші тамызда Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс-Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші тамызда Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 25 м/с күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, таңертен және күндіз Қостанай 
облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі шанды дауылмен күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Павлодар, түнде және таңертен Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.