Алматы облысындағы Талғарда орналасқан Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. "Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған", — деп хабарлады Алматы облыстық ІІД өкілдері.