Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мәселенің мәні қайда жатыр?
Естеріңізде болса, соңғы кездері қоғамда амандасу әдебі жиі талқыланатын болған. Осыған орай, тіпті Президент Қ. Тоқаевтың өзі пікір білдірген еді. Президент бұл бастаманы науқан ретінде емес, нақты іске бағытталған ұсыныс ретінде көтергенін айтқан болатын.
«Білсеңіз, бұл іске өзім бастамашы болдым. Науқанға емес, нақты іске. Өйткені жастардың, егде адамдардың жүріс-тұрысына қарап, байырғы дәстүрлі құндылықтарымызға оралу қажет деген шешімге келдім. Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдердің еркектерді, еркектердің әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес» – деді ол.
Депутат Саировтың не дейді?
Бүгін Құрылтайдың алғашқы отырысында депутат Ерлан Саиров та аталған мәселеге тоқталды.
«Соңғы кезде амандасу әдебі жайлы қоғамда жиі талқылануда. Мұның маңызы жайлы Президент Қ. Тоқаевтың өзі бірнеше рет баса айтты. Ел алдында жүрген қоғам қайраткерлері де амандасу — мәдениеттің мәйегі екенін еске салды. Өзге жанмен амандасу әдебін бір реттік акция емес, мемлекеттік мәдени саясаттың маңызды бағыты ретінде қарастыру қажет», — деді бүгін құрылтай депутаты Ерлан Саиров.
Журналист пікірі қандай?
Журналист Гүлмира Әбіқайдың пік
«Амансыз ба? Аманбыз, қалқам! Болды! Артық сөз, қимыл, ерсі қылық қажет емес! Бұрынғыдай арқадан қағып, құшып, қысып, шөпілдесіп сүйісуді мүлдем қойыңыз!
Өзінің алғашқы депутаттық сауалын Саиров екі министрге бір-ақ жолдады. Енді амандасу әдебімен Мәдениет және ақпарат министрлігі және Оқу-ағарту министрлігі айналыспақ. Ұлттық құндылықтар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, мектепте бұл әдепті орнықтыру ұсынысы айтылды. Тіпті, ЖОО ұлттық әдеп нормаларын заманауи тәрбие жүйесіне енгізу жайлы да сөз қозғалды.
Қысқасы, енді мәдениет — өнер, кино, сахна, музыкамен қатар амандасудан басталады. Американдықтар үнемі маржандай тістерін көрсетіп жымия амандасады, күліп жүреді, қандай приятно дейміз. Ал, шындығында бұл күлімсіреу ғасырлар бойы заңды нормалармен қалыптасқан амандасу әдебі», — деп жазды ол.