Конституция күніне орай елордада өтетін іс-шаралар - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституция күніне орай елордада өтетін іс-шаралар

Конституция күніне орай елордада өтетін іс-шаралар

Конституция күні республикамыздың барлық облыстары мен қалаларында дәстүрлі түрде бұқаралық, мерекелік тойлау және көркемөнерпаздар концерті өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

  • 30 Тамыз 2017
  • 386
Фото - Caravan.kz

30 тамыз Конституция мерекесін тойлау аясында Астанада көптеген мәдени-бұқаралық шаралар мен концерттер өтеді.

11:00-де «Арай» саябағында Амфитеатрдың салтанатты ашылуы болады.

17:00-ден 19:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты гала-концерт өтеді.

18:00-ден 23:00-ге дейін әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған концерт болады.

Сондай-ақ, 18:00-ден 23:00-ге дейін  әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда (Бейбітшілік көшесі 11) және "Бәйтерек" монументінің алаңында қазақстандық әртістердің қатысуымен мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұсынылады. Жиналғандарға көпшіліктің сүйікті орындаушылары Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Шахризат, Ринат Мальцагов, Күләйім Қайырбаева және тағы да басқа әртістер өнер көрсетеді.