Қарағанды облысындағы шахтада метан таралуынан адамдар қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы шахтада метан таралуынан адамдар қаза тапты

Қарағанды облысындағы шахтада метан таралуынан адамдар қаза тапты

Шахтинскідегі шахтанда аяқ астынан метан тарап кетіп, салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты. Апат болған жерде төрт адам жұмыс істепті. Жалпы шахтада 136 кенші жүрген.

  • 31 Тамыз 2017
  • 240
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай бейсенбі күні таңертең сағат төрт кезінде "Арселор МитталТемиртау" тиесілі "Казахстанская" шахтасында болыпты, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Бастапқы деректерге сүйенсек, шахтада 136 адам болған, ал төртеуі апатты жерде жұмыс істеген.


"Қазір қолда бар деректер бойынша шахта жұмысшылары үш адамның денесін тапқан", — дейді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.