Олардың пайымдауынша, қазақ тілі грамматикасының жаңғыруы – өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін қандастар үшін зор мүмкіндік, деп хабарлайды "Хабар-24".
— Бізге өте қуаныш болды, өйткені шетелде өмір сүрген қазақтарға, әсіресе кейінгі ұрпаққа өте жақсы болады. Қазақ латын әрпіне көшетін болса, олардың Қазақстанға деген сезімі оянады, оқып көреді, қазақ екенін, тарихын, келешекті үйренуі мүмкін, — Франция тұрғыны Табарак Догу.
Ал Франция қазақтары мен түріктері қауымдастығының басшысы Мустафа Услужан: "Қазақстаннан кітап алғанда, біздегілер оны түсінбейді. Соны латынша жазса, тез үйренеді деп ойлаймын" дейді.